Астаналық пенитенциарлық жүйе мекемесінде танымал жазушымен кездесу өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Ертең Астанадағы қатаң жүйедегі түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер танымал ақын Несіпбек Айтұлымен кездеседі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы баспасөз қызметінің маманы Сәуле Ахметжанованың айтуына қарағанда, бұл шараның негізгі мақсаты - сотталғандар арасында жақсы моральдық-психологиялық орта қалыптастыру және оны қолдау болып табылады, сондай-ақ олардың қызығушылығын ояту және шығармашылық қабілетін дамыту.Кездесу барысында ақын сотталғандарға өзінің шығармашылығы мен әр жылдары шығарған кітаптары туралы айтып береді. Н.Айтұлы Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденімен марапатталған. Мәдени шара барысында жазасын өтеушілер алдында ақын-сазгер Қанат Жүнісовтің жеке концерті болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай кездесулер мекеменің жалпы тәрбиелік жұмысына оң ықпал етеді, осындағы арнайы контингенттің тәртібін нығайтады, деп атап өтті С.Ахметжанова.