Астаналық «Пласидо Доминго опералиясының» жұлдыздары Мажарстанда өнер көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының елшісі Нұрбах Рүстемовтің қолдауымен Дьер қаласында «Voices 2017» 5-ші концерті болып өтті, оған астаналық «Пласидо Доминго опералиясының» жеңімпаздары қатысты, деп хабарлады ҚР Мажарстандағы елшілігі.
None
None

Іс-шараның ашылу салтанатында Дьер қаласының мэрі Жолт Боркаи дүниежүзілік музыка мәдениетін дамытудағы Қазақстанның айрықша үлесін атап өтті.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мәдени  ойын-сауық бағдарламасының аясында жоғары деңгейде өткізілген «Пласидо Доминго опералиясы» әлемдік опера сахнасының болашақ жұлдыздарын таныстыруға мүмкіндік берді. Өз кезегінде, операны жоғары бағалайтын мажарлықтар «Астана Опера» опера музыкасы театрын әлемдегі үздік опералардың бірі деп атады.

«Пласидо Доминго» опералиясының жұлдыздары Дьер қаласының тұрғындарына Астананың рухы мен өнерін паш етіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы шығармашылық және мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар