12:03, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Астаналық полицейлер бөтен біреудің көлігінен 1 миллион 300 мың теңге ұрламақ болған екі жігітті қылмыс үстінде қолға түсірді
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Жол полициясы өкілдерімен бірлесе отырып, бөтен біреудің «Тойота Прадо» көлігінен 1 миллион 300 мың теңге көлеміндегі қаржы ұрлап жатқан жерінен екі жас жігітті қолға түсірді.

Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығын Нұрділдә Ораздың сөзіне қарағанда, ұрылар осы әрекеттің алдында ғана елордадағы Күмісбекова көшесінде жасаған осы тектес әрекетінен соң полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Қолға түскен азаматтар 22 және 24 жасар Қарағанды облысының тумалары болып шықты. Олар осындай әрекеттері үшін бұрын да бірнеше рет Қарағанды облысының тәртіп сақшыларының назарына іліккен. «Қазіргі таңда ұсталған азаматтардың елдегі өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Бұған қоса осы топқа қатысы бар тағы бірнеше адам анықталып, осы уақытта оларды ұстау бойынша жедел-сауықтыру шарасы жүргізілуде», деді Н.Ораз.