Астаналық полицейлер іздеуде жүрген кісі өлтірушілерді құрықтады

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген қылмыскерлер Астанада қолға түсті, оның бірі мемлекетаралық іздеуде болған. Бұл туралы бүгін Астана қаласының аумағында үстіміздегі тамыз айының 6-10 аралығында өткен «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Түлебаев мәлім етті,

Астаналық полицейлер іздеуде жүрген кісі өлтірушілерді құрықтады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Түлебаевтың атап көрсеткеніндей, мемлекетаралық іздеуде жүрген 1968 жылғы Ақмола облысының М. есімді тумасы 2008 жылғы наурыз айында Көкшетау қаласының айналма күре жолы бойында  бұзақылық пиғылмен шолақ мылтықтан оқ атып, оның салдары кісі өліміне алып келген. Бұған дейін Ақмола және Қостанай облыстарында бой тасалаған қылмыскер, Қостанай облыстық ІІД КПБ қызметкерлерінің көмегімен Астана қаласында ұсталды.

Қылмыс бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 96 бабы, 1-ші бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап 6-дан 15 жылға дейін бас  бостандықтан айыруды көздейді.

Екінші кісі өлтіру оқиғасы да өткен жылдың көктемінде орын алған. Мәселен, Суворов көшесінде орналасқан үйлердің бірінде, пәтерді жалға алушылардың арасында дау-дамай туып, 1978 жылғы Қостанай облысының М. есімді тұрғыны өзінің құрбанына 12 рет пышақ сұғады. Жәбірленуші тірі қалғанмен, аталмыш факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 96 -шы бабы бойынша іс қозғалды. Бүгінде қылмыскер Арқалық қаласында қамауда отыр.