13:21, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Астаналық полицейлер Қазақстан полициясы күні қарсаңында мінсіз қызметтері үшін медальдармен марапатталды
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін, маусымның 23-і күні елордалық полицейлер Қазақстан полициясы күні қарсаңында «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ және ІІІ дәрежелі медальдармен марапатталды.

Бұл туралы Астана қаласының Жол полициясы басқармасынан (ЖПБ) мәлім етті.
Медальдарды салтанатты жағдайда ЖПБ-ның бастығы Бақытгелді Айқымбеков табыстады.
Өздерінің кәсіби мерекелері алдында мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін ведомстволық наградаларды 15 жылдың ішінде жол полициясының 9 қызметкері алды. Тағы тоғыз полицей «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.
Бүгін сондай-ақ Жол-патрульдік қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Шолановқа бағалы кәделер берілсе, жол полициясының бес инспекторы «ҚР ІІМ-дегі озат қызметі үшін» төс белгілерін, тағы бесеуі ІІД-нің грамоталарын алды.