Астаналық пролицейлер өткен аптада 100 есірткі қылмысын анықтады - ІІМ
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен аптада елордалық полиция қызметкерлері 100 есірткі қылмысын, оның ішінде есірткі сатудың 47 фактісін анықтады.
Осы фактілер бойынша 80 келі есірткі, оның ішінде 9 келі героин тәркіленді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Астана қаласында полиция қызметкерлері арнайы операцияның нәтижесінде 29 жастағы жергілікті тұрғынды өз үйінде ұстады. Тінту кезінде оның үйінен 17,5 келіден астам марихуана тәркіленді.
Одан әрі жүргізілген іс-шаралардың барысында гараждан тағы да 42 килограмға жуық марихуана тәркіленді. Алынған есірткінің жалпы салмағы 60-қа жуық келіні құрады. Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар аса ірі мөлшерде есірткі сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.