Астаналық сақшылар жастармен бірлесіп тәртіп бұзушылыққа қарсы күреспек

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы Марат Демеуов және «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясының астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған құжат аясында студенттердің шұғыл топтары мен сақшылардың бірлескен күшімен елордадағы тәртіп бұзушылықпен күресу көзделген. «Меморандумға сәйкес, біріншіден, кәмелетке жетпеген жастардың құқықтық білімін арттыру, екіншіден, жастар арасындағы нашақорлықпен күрес жұмыстарын күшейту және қаладағы жол-көлік апаттарының санын төмендету жоспарланып отыр», - дейді «Нұр Отан» ХДП астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Казанцев.
Соңғы жаңалықтар