Астаналық саябақта жаңа аттракцион пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Астаналық саябағында осы жазда италияндық «Шолу шеңбері» аттракционы орнатылатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық саябақта жаңа аттракцион пайда болады

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Астаналық саябақта жаңа аттракцион ашылады. Бұл экстрималды емес отбасылық аттракцион, жалпы кабиналар саны 14, отыратын орындар саны 56 адамға есептелген.

Аттракционның биіктігі 22 метр, бұл жерден жағалауға, Тұран даңғылына және Есіл өзені арқылы өтетін жаңа жаяу жүргіншілер көпіріне көз салуға болады.

Аттракционның іске қосылуы және ашылуы 2018 жылдың мамыр айының бірінші жартысына жоспарланып отыр, қазіргі уақытта монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, еліміздегі ең үлкен «Колесо обозрения» аттракционы да елордада орналасқан. Оның биіктігі 65 метр, салмағы 270 тоннаға жетеді. Әр кабинаның сыйымдылығы - алты адамға дейін, жүк көтергіштігі - 600 кг.