Астаналық шенеуніктерге бағалы қағаздар нарығында қалай жұмыс жасау керектігі түсіндірілді

«Жуық арада қазақстандықтарға қаражаттарының бір бөлігін еліміздегі ең мықты компаниялардың бірі «KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның акцияларын сатып алуға инвестициялау мүмкіндігі туады. Осыдан кейін басқа да компаниялар өз акцияларын нарыққа шығармақ. Өкінішке қарай, халықтың әлі де болса көп бөлігінің қаржылық-инвестициялық сауаттылығы төмендеу», - деп атап өтті қалалық қаржы басқармасының басшысы Бекбол Сағын.
Оның айтуынша, жуық арада аталған компанияның директорлар кеңесінде бір акцияның бағасы белгілі болады. Б. Сағын «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінде астаналықтар бірінші кезеңдегіден де көбірек белсенділік танытатына сенім артып отыр. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың қорытындылары бойынша, астаналықтар алматылықтардан кейін екінші орынға табан тіреген болатын.
Өткен жылы Астанада 4 мыңнан артық адамды қамтыған 108 таныстырылым өтті. Сонымен қатар, жыл бойы әуежайда, теміржол вокзалында, сауда-ойын сауық орталығында және Қазпоштада 4 қосын демалыссыз жұмыс істеді.