Астаналық спортшылар әлем чемпионатын сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің, Абу Даби қаласында джиу-джитсудан Әлем чемпионаты JJIF WORLD CHAMPIONSHIP басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астаналық спортшылар әлем чемпионатын сәтті бастады

Елордалық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, бұл жарыс өзінің ауқымдылығымен ерекшеленді. Чемпионатқа әлемнің 65 мемлекетінен келген 1500 спортшы қатысып, бақ сынауда.

«Спорт бәсекесі елорадалық құрама үшін сәтті басталды. Команда қоржынында 2 алтын, 2 қола медаль бар әзірге. Алғашқы екі алтынды Батырбек Абдулла (55 кг, U16) мен Лейла Рахимжанова (57 кг, U16) иеленсе, қос қоланы Самат Эмирхан (46 кг, U16) мен Айзере Қанат (57 кг, U16) еншіледі», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін 2-4 қараша күндері Астана қаласында таеквон-до GTF бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтетінін хабарлағанбыз.