Астаналық Street Workout бас бапкері мен атлеті орктар бейнесінде сайысты

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Астана қаласында Street Workout-тың атақты атлеті Ислам Бадургов және Қазақстанның Street Workout бойынша бас бапкері Айтым Жақыпов спорт алаңында орктар бейнесінде сайысқа түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Мүсінші-гиперреалист Айдос Ермағамбетов ролик кейіпкерлерін мифтік құбыжық кейпінде бейнелеген.

«Мінекей, достар, көптен күткен воркаут пен кинематографияны біріктіретін «Orc Workout» ролигі жарық көрді. Біз бұл роликті түсіру барысында жанымызбен беріліп, біршама жұмыс жасадық. Тіпті оны бірнеше рет монтаждауға да тура келді. Бұл - өзіндік сценарийі, әртістері бар мини-фильм және түрлі безендірулерге, атрибуттарға толы шағын кино. Мұндағы менің мақсатым - кинематограф арқылы street workout-ты таныту. Осы атқарылған жұмыс алға қойған мақсатқа бір қадам жақындауым деп білемін. Айта кетпеске болмас, @aidostudio ұжымына бет әрлеуі бойынша атқарған жемісті еңбегі үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қысқа ғана бұл фильм жүректеріңізге жол тауып, өз бағасын алады деген сенімдемін. Менімен бірге бас рөлдерде ҚР-дың Street Workout-тан бас бапкері, менің бауырым ­- Айтым Жақыпов» - дейді Ислам Бадургов Инстаграм парақшасындағы өз жазбасында.

Соңғы жаңалықтар