Астаналық студенттер «Әлем бойынша ядролық қару-жарақты пайдалануға қарсымыз!» ұранына қосылды

АСТАНА. Қыркүйектің 15-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Невада -Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысының құрылғанына 20 жыл толуына арналған студент-жастармен кездесу өтті,

Астаналық студенттер «Әлем бойынша ядролық қару-жарақты пайдалануға қарсымыз!» ұранына қосылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге қатысқан «Невада - Семей» қозғалысының белсенді мүшесі, еліміздің еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, әртіс Хамит Мәмбет әуезді музыканың ырғағымен Олжас Сүлейменовтың шығармаларын орындап, «Невада - Семей» қозғалысының қызметінен қызықты естеліктер айтты. Іс-шара аясында Еуразия ұлттық университетінің студенттері «Әлем бойынша ядролық қару-жарақты пайдалануға қарсымыз!» ұранымен таратылған үндеуге қосылып, «Невада - Семей» ұйымының бастамаларына қолдау білдірді.