Астаналық тәртіп сақшылары елордада қаңғып жүрген және қайыр сұрап жүрген 282 адамды анықтады
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астаналық тәртіп сақшылары «Қайыршы» жедел-сауықтыру шарасының барысында қаңғып жүрген және қайыр сұрап жүрген 282 адамды анықтады.
Олардың 69-ы қабылдап-тарату орындарына жіберді. Ұсталғандардың барлығы 282 фото және бейнеесепке қойылды.
Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның айтуынша, аталмыш шара барысында тәртіп сақшылары қаладағы базарлардың, темір жол вокзалының және автовокзалдың маңдарын, сондай-ақ шіркеулер мен мешіттердің айналасын тексерді. Сондай-ақ шараны ұйымдастырушылар «Астықжан», «Есіл», «Юбилейный», «Дәулет», «Колос», «Көктем», «Орбита», «Встреча», «Еуразия», «Рамстор», «Гросс» сияқты сауда орталықтары мен өзге де халық көп жиналатын орындарды аралаған.
Жедел-сауықтыру шарасын Астана қалалық Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 28-29 мамыр аралығында жүргізді.