Астаналық түлектерге ЖОО-да оқу үшін 115 млн теңге әлеуметтік көмек төленеді
«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 1 шілдеден бастап 21 тамызды қоса алғанда елорданың жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқу үшін әлеуметтік көмек алушылардан құжат қабылдайды. «Астана қаласының мұқтаж санаттағы адамдардың тізбесін анықтау, әлеуметтік көмек көрсету және мөлшерін белгілеу ережесінің» 75-тармағы бойынша, елорданың жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын мектеп түлектерінің мына санаттарына: жетім балаларға, балалар үйінің түлектеріне, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға, оның ішінде биыл кәмелет жасына күндізгі бөліміне түскенге дейін кәмелет жасына толып қойған үйдің үлкендеріне де әлеуметтік көмек беріледі», – деді Айгүл Таласова.
Оның сөзінше, мұндай көмек алатын баланың отбасында жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 еселенген мөлшерінен аспау керек. Мұны ақшаға шақсақ, 213 240 теңге деген сөз. Әлеуметтік көмек тиісті оқу орнындағы оқу ақысының нақты мөлшері көлемінде, биылғы жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат шегінде төленеді. Биыл елорда бюджетінде осы санатқа жататын 185 мектеп түлегіне әлеуметтік көмек беру үшін 115 млн теңге қарастырылған.