02:30, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Астаналық «Тұмар» би ансамблі Италиядан 1-ші орынмен оралды
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - 8-22 шілде аралығында Италияның Римини қаласында өткен «Толқындармен жарысқан» атты 85-інші Халықаралық байқауда қазақстандық «Тұмар» би ансамблі 9-12 жастағы бишілер арасында өткен «Халық биі» аталымында

бірінші орынды жеңіп алды.
Еске сала кетейік, халықаралық байқауға Қазақстан, Ресей, Италия, Украина және басқа да елдерден 100-ден астам би ұжымдары қатысты. Солардың арасынан «Халық биі» аталымында «Тұмар» ансамблі үздік шықты.
Еске сала кетсек, аталған би ұжымы 2007 жылдың 1 сәуірінде Астана қаласында құрылған. Осы жылдан бері ансамбль көптеген байқаулар мен фестивальдардың, оның ішінде халықаралық және шетелдік сайыстардың жүлделерін иеленіп келеді.