Астаналық тұрғын әйеліне осыдан 2700 жыл бұрын жасалған құмыра сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласының тұрғыны өзінің жарына ерекше сыйлық жасады. Ол әйеліне белгісіз бір шебердің осыдан 2700 жыл бұрын жасаған құмырасын сыйлаған.

Астаналық тұрғын әйеліне осыдан 2700 жыл бұрын жасалған құмыра сыйлады

Өзінің есімін құпия сақтауды жөн көрген астаналық Павлодар облысының Қарқаралы ауылында көне тостағанды тапқан. Мұнда ер адам ата-анасына шаруашылық бойынша көмектесуге келген. Сарай құрылысын жүргізу кезінде ол жерден топырақпен қатпарланған құмыра табылған. Оның қай кезге жататынын мамандығы бойынша тарихшы осы отбасының таныс досы айтқан.

«Бұл ұлттық мұра ғой. Бұл тостағанды Арқайым дәуіріндегі шебер жасаған», - деді ғалым.

Ерлі-зайыптылар неолит дәуірінде жасалған құмыраны шамамен 20 мың доллар тұратынын естіп, мұндай заттың олардың үйінде тұруға жөні жоқ екенін шешкен. Енді олар елдің барлық мұражайлары мен коллекция жинаушыларын іздестіруде. Табылған затты олар сенімді біреудің қолына тапсырмақшы, деп жазады "Экспресс К" газеті.