11:13, 19 Қазан 2017 | GMT +5
Астаналық тұрғын жанжалдасқан адамның көзіне қайшы тығып алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кикілжің салдарынан Астана тұрғыны бір көзінен айырылды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Хабарламаға қарағанда, 2017 жылдың сәуірінде Астана қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде Б. және Н. арасында жанжал шығады. Б. азамат Н.-ға былапыт сөздер айтып, намысына тиеді. Н. қарсылық білдіріп, оны есікке қарай итерген. Осы сәтте Б. қолына түскен маникюр қайшысымен оның сол көзіне сұғып алады.
Соның салдарынан Н. бір көзінен айырылды.
Алматы аудандық №2 сотының үкімімен Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру»), 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енді.