Астаналық ұстаз республиканың «Дарынды ұстазы» атағына ие болды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұстазы Аида Балқыбаева Қазақстанның «Дарынды ұстазы» атағына ие болды.

Астаналық ұстаз республиканың «Дарынды ұстазы» атағына ие болды

11 мамыр күні Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің ұйымдастыруымен «Дарынды ұстаз» республикалық байқауы өтті. Байқауға Қазақстанның 70-ке жуық жоғары оқу орындарының оқытушылары «Құқық», «Экономика» және «Әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша бақ таластырды. Республиканың жоғары оқу орындарының ұстаздары білімдерін 3 кезең бойынша сарапқа салды - жазбаша эссе дайындау, шеберлік сабақ өткізу және үш кезеңнен тұратын ақтық сайыс.

Қазақстанның «Дарынды ұстазы» атағына лайықты білімді де білікті оқытушылар арасында бәсекелестік жоғары болды. Астанадағы Аграрлық университеттің «Менеджмент» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты, экономика факультеті деканының орынбасары Аида Балқыбаева бұл атаққа «Экономика» мамандығы бойынша ие болды.