22:00, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Астаналық велошабандоз Микель Ланда «Джиро д'Италия» Гранд-турының 16 кезеңінде жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана" командасының велошабандозы Микель Ланда «Джиро д'Италия» Гранд-турының 16 кезеңінде жеңіске жетті.

Испандық саңлақ 174 шақырымдық қашықтықты бірінші болып аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске сала кетсек, Ланда 15 кезеңде де жеңіске жеткен болатын. Ал оның командалас әріптесі итальяндық Паоло Тиралонго тоғызыншы кезеңда топ жарған еді.