«Астаналық» велошабандоз «Paris-Nice» көпкүндігінің 6-шы кезеңінде үздік шықты

АЛМАТЫ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Францияда өтіп жатқан «Paris-Nice» жарысының наурыздың 13-інде болған 6-шы кезеңінде «Астана» велоклубының шабандозы Альберто Контадор мәре сызығын бірінші боп кесіп өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыздың 8-інде басталған сайыстың алғашқы кезеңінде де А.Контадор мәре сызығына өзгелерден бұрын жеткен болатын. Наурыздың 15-іне дейін созылатын бұл байрақты бәсеке ертең аяқталмақ. Онда қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын Альберто Контадордан басқа Александр Дьяченко, Аймар Субельдиа, Бенджамин Новаль, Даниэль Наварро, Михаэль Шор, Сержио Паулиньо мен Ярослав Попович қорғап жатыр. Оларға спорт директорларынан Алэн Галлопин мен Вячеслав Екимов жетекшілік жасауда. Жалпы қазіргі таңда «Астана» клубының қоржынында 6 жеңіс бар. Оның төртеуі Альберто Контадордың, екеуі Леви Лейфаймердің еншісінде.
Соңғы жаңалықтар