«Астаналық» велошабандоз «Slovenian Champion Time Trial» жарысында үздік шықты
АЛМАТЫ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астаналық» велошабандоз Яни Брайкович Словения чемпионатында үздік шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Яни Брайковичтің «Астана» сапында осы маусымдағы алғашқы жеңісі. Қазақстандық кәсіпқой велоклубтың шабандоздары жалпы бұған дейін түрлі деңгейдегі жарыстарда 19 рет үздік шыққан болатын. Онда - Леви Лейфамер - 8, Альберто Контадор - 7, Андреас Клёден - 2, Грегори Раст пен Лэнс Армстронг бір-бірден көзге түсті.