"Астаналық" велошабандоздар Бельгия мен Швейцарияда өтетін жарыстарға қатысады

АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының спортшылары ақпаның 28-інде Бельгия мен Швейцарияда өтетін жарыстарға қатысады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бельгиядағы «Omloop Het Nieuwsblad» сайысында қазақстандық клубтың спортшыларын директорлардан Дирк Демол бастап бармақ. Онда «Астана» намысын Берік Көпешов, Болат Раймбеков, Валерий Дмитриев, Дмитрий Муравьев, Грегори Раст, Сергей Ренев, Михаэль Шор және Томас Вайткус қорғамақ. Ал Швейцариядағы «GP dell'Insubria» бәсекесіне астаналықтар Александр Шефердің жетекшілігімен қатысады. Онда жарыс жолына Александр Дьяченко, Аймар Субельдиа, Андрей Зейц, Даниэль Наварро, Роман Киреев, Стив Морабито мен Хесус Эрнандес шығады деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар