«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «De Panne-Koksijde» жарысына қатысуда

АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Бельгияда велоспорттан «De Panne-Koksijde» жарысы басталды,

«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «De Panne-Koksijde» жарысына қатысуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол сәуірдің 2-сіне дейін созылмақ. Бұл дүбірлі додада «Астана» намысын Асан Базаев, Берік Көпешев, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Дмитрий Муравьев, Грегори Раст, Михаэль Шор мен Томас Вайткус қорғауда. Спортшыларға клубтың спорт директорларынан Вячеслав Екимов пен Дирк Демол жетекшілік жасап жүр. Ал олардың өзге әріптестері наурыздың 28-29-ы күндері Франциядағы «Critérium International» жарысында бақ сынаған болатын. Ол жолы клуб намысын қорғау Александр Дьяченко, Даниэль Наварро, Сергей Ренев, Роман Киреев, Андрей Зейц, Стив Морабито, Яни Брайкович пен Андреас Клёденге тапсырылған еді.