«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «E3-Prijs Vlaanderen» жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның «Астана» кәсіпқой велоклубының шабандоздары наурыздың 28-і күні Бельгиядағы «E3-Prijs Vlaanderen» жарысына қатысады,

«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы  «E3-Prijs Vlaanderen»  жарысына қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онда клуб намысын Берік Көпешов, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский, Грегори Раст пен Михаэль Шор қорғайды. Оларға клубтың спорт директорларынан Дирк Демол жетекшілік жасағалы отыр. Бұл жерлестеріміздің биылғы маусымдағы Бельгияда қатысқалы отырған төртінші жарысы болмақ. Бұған дейін олар Дирк Демолдың басшылығымен ақпанның 28-інде «Omloop Het Nieuwsblad» және наурыздың 1-інде «Kuurne-Brussels-Kuurne» бәсекесіне қатысты. Сондай-ақ наурыздың 6-8-і күндері Александр Шефердің жетекшілігімен «West-Flanders» сайысында да бақ сынаған еді.