«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «Gent-Wevelgem» жарысына қатысып жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бельгияда велоспорттан «Gent-Wevelgem» жарысы өтіп жатыр,


«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «Gent-Wevelgem»
жарысына қатысып жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Астаналық» велошабандоздарға клубтың спорт директорларынан Дирк Демоль мен Вячеслав Екимов жетекшілік етуде. Бельгиядағы бұл дүбірлі додада қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын қорғау Асан Базаев, Валерий Дмитриев, Максим Иглинский, Берік Көпешов, Дмитрий Муравьёв, Грегори Раст пен Михаэль Шорға сеніп тапсырылған. Қазір олардың өзге командалас әріптестері Францияда сәуірдің 7-сі басталған «Circuit de la Sarthe» жарысында бақ сынауда. Көпкүндік бұл байрақты бәсеке сәуірдің 10-ына дейін созылмақ.