«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «Tour of Flanders» жарысына қатысады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәуірдің 5-і күні Бельгияда велоспорттан «Tour of Flanders» жарысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онда команда намысын Асан Базаев, Берік Көпешов, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский, Грегори Раст пен Михаэль Шор қорғайды. Оларға клубтың спорт директорларынан Дирк Демол мен Владислав Екимов жетекшілік жасағалы отыр. «Астана» клубының бұл шабандоздары наурыздың 28-і күні өткен «E3-Prijs Vlaanderen» жарысына да қатысқан болатын. Онда оларға Дирк Демол басшылық еткен еді. Жалпы «Tour of Flanders» астаналықтардың бұл маусымда Бельгияда қатысқалы отырған 5-ші сайысы болмақ. Бұған дейін қазақстандық кәсіби велоклубтың спортшылары Дирк Демолдың басшылығымен ақпанның 28-інде «Omloop Het Nieuwsblad», наурыздың 1-інде «Kuurne-Brussels-Kuurne» және наурыздың 6-8 күндері Александр Шефердің жетекшілігімен «West-Flanders» сайысында да бақ сынаған болатын.