11:21, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
«Астаналық» велошабандоздар Италия көпкүндігінде бақ сынайды
АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Италияда велоспорттан «Tirreno-Adriatico» көпкүндігі басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Наурыздың 11-17 күндері өтетін бұл байрақты бәсекеге «астаналық» велошабандоздарға Дирк Демол жетекшілік жасайды. Бұл жолы клуб намысын 7 спортшы қорғайды. Олар - Асан Базаев, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский,Сергей Ренев, Грегори Раст, Андреас Клоден мен Яни Брайкович. Жалпы қазақстандық кәсіпқой велоклубтың қоржынында бүгінгі таңда 5 жеңіс бар. Оның үшеуі Альберто Контадордың, екеуі Леви Лейфаймердің еншісінде. Олардың соңғысы Альберто Контадордың наурыздың 8-інде «Paris-Nice» көпкүндігінің бірінші кезеңіндегі жеңісі болып отыр.