«Астаналық» велошабандоздар Италиядағы «Milano-Sanremo» жарысына қатысады
АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Италияда наурыздың 21-інде велоспорттан «Milano-Sanremo» жарысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онда «астаналық» шабандоздарға клубтың спорт директорларынан Дирк Демол жетекшілік жасамақ. «Астана» намысын Асан Базаев, Максим Иглинский, Дмитрий Муравьев, Михаэль Шор, Томас Вайткус, Ярослав Попович, Грегори Раст пен Лэнс Армстронг қорғайды деп жоспарланып отыр. Жалпы қазіргі қазақстандық кәсіпқой велоклубтың қоржынында 7 жеңіс бар. Оның соңғысын наурыздың 15-і күні Италиядағы «Tirreno-Adriatico» бәсекесінің бесінші кезеңінде Андреас Клёден салған болатын.