Астаналық велошабандоздар Катар турына қатысуда

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Катардың Доха қаласында велоспорттан Катар туры өтіп жатыр. 3 ақпан күні басталған бұл дүбірлі дода 8 ақпанға дейін созылады.

Астаналық велошабандоздар Катар турына қатысуда

732 шақырымдық бәсекеде «Astana Pro Team» командасының намысын қазақстандық Арман Қамышев, Дмиорий Груздев, Дмитрий Муравьев, итальяндық Андреа Гривко, Якопо Гуарниери, американдық Эван Хуффман, украиндық Андрей Гривко, словениялық Борут Бозич қорғауда. Оған А.Қамышев пен Э.Хуффман қазақстандық кәсіпқой велоклуб сапында биыл тұңғыш рет қатысып отыр. «Астаналықтарға» бұл жарыста спорт директорларынан эстониялық Яан Кирсипуу мен словениялық Горазд Штангели жетекшілік етуде. Оның шәкірттері арасынан кешегі 145 шақырымдық сайыста ең жоғары нәтиже көрсеткен Якопо Гуарниери болды. Ол мәре сызығын 11-ші боп кесіп өтті.