“Астаналық” велосипедшілер Германиядағы “Vattenfall Cyclassics” жарысына қатысады
АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Астана" велоклубының спортшылары тамыздың 16-сы күні Германияның Гамбург қаласында өтетін "Vattenfall Cyclassics" жарысына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған "астаналықтарды" клубтың спорт директорларынан Дирк Демол бастап бармақ. Бір күндік жарыста қазақстандық кәсіби велоклуб намысын - Берік Көпешов, Валерий Дмитриев, Григори Раст, Дмитриий Муравьев, Максим Иглинский, Михаил Шор, Роман Кирееев пен Томас Вайткус қорғамақ. Қазіргі таңда "Астананың" қоржынында түрлі деңгейде қол жеткізген 28 жеңіс бар.