Астаналық жалған лаңкеске қатысты сот үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының №2-інші аудандық сотының үкімімен айыпталушы С. кінәлі деп танылып, оған бір жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Астаналық жалған лаңкеске қатысты сот үкімі шықты

Қылмыстық іс материалына сүйенсек, 2016 жылдың 30 мамырында айыпталушы алкогольді мас күйінде «112» нөміріне хабарласып, Астана қаласы Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы айтқан.

Астана қалалық сотынан мәлім еткендей, үкім заңды күшіне енді.