Астаналық жас әйел қарыз беремін деп, о дүниеге аттанып кете жаздады

Тергеу барысында ұсталған азамат кәсіпкер әйелдің 25 жастағы қызымен көрші тұрғандығы анықталды. Ол қыздың отбасының материалдық жағдайының жақсы екендігін білгеннен кейін оның сеніміне кіріп, өткен жылдың қаңтары мен тамыз айларының аралығында қарызға ірі көлемде ақша алып тұрған. Қарыздың жалпы сомасы 48 млн. теңгені құраған көрінеді. Борышты қайтаратын уақыт келгенде қаражаттың бәрін жұмсап тастаған күдіктінің ойында кәсіпкер әйел мен қызын өлтіру туралы пиғыл туған. Жәбірленушілердің пәтерлерінің кілтінің көшірмесін жасатып алған күдікті, қаңтардың 1-не қараған түні үйге кіріп, жатын бөлмеде қызды буындыра бастаған. Алайда, пәтердің бір бөлмесін жалдап тұрған жігіт оған қылмысты жасауға кедергі жасаған.
Қолға түскен азамат уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.