Астаналық жас дарын республикалық айтыста жүлде алды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/- Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Сырым Әуесханов Талдықорған қаласында өткен оқушылар арасындағы айтыстан жүлделі оралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жетісу өңірінде өткен «Жыр алыбы ? Жамбыл» атты жыр сайысына еліміздің әр өңірінен барлығы 32 жас талапкер қатысты. Айтыс сахнасында Сырым: «Мен де бір мөлдіреген тамшы болсам, тама-тама, бір күні тас жарамын!»- деп жыр толғады. Сырым мұндай дүбірлі додаға алғаш рет қатысса да, болашағынан үміт күттіретін дарын иесі екенін байқатты. Жас талапкерді жарысқа бастап барған №2 музыка мектебінің директоры, сазгер Оспан Сүлейменұлы айтыстың деңгейі жоғары болғанын, арнайы айтыс мектептері қалыптасқан көптеген өңірлерден шынайы таланттар келгенін айтты. Астананың намысын қорғаған Сырым Әуесханов жоғарғы сынып оқушыларымен де сөз сайыстырып, жеңіп кеткенін, орамды ойларымен, ұтқыр жауаптарымен көрермендердің ықыласына бөленгенін қуана жеткізді. Сырымды айтыс өнеріне баулып жүрген Еуразия университетінің студенті Мейіржан Әлібеков екенін айта кеткен жөн.
Соңғы жаңалықтар