Астаналық жас футболшылар «Жастар» және
АЛМАТЫ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шымкентте 10-21 наурыз күндері Премьер-Лигадағы командалардың 1994 жылы туған ізбасарлары арасында «Жастар» турнирі өтті.
Онда Сергей Гниненко мен Абдулла Меркулов жаттықтырған астаналық «Локомотив-94» командасы үшінші орын алды. Алғашқы кезеңде өз тобында екінші орын алған олар үшінші орын үшін болған сайыста Қызылорданың «Қайсарын» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ал теміржолшылардың қақпасын күзеткен Александр Коночкин турнирдің ең үздік қақпашысы атанды. Ал олардың ізбасарлары «Локомотив-93» дәл сол уақытта Таразда өткен «Арман» турнирінде жетінші орынға табан тіреген болатын.
Астаналықтардың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Шымкенттегі бұл додада «Локомотив-1994» сапында - Александр Коночкин, Біржан Құлбеков, Павел Халезов, Александр Шарифуллин, Әлихан Сатыбалдиев, Ильдар Аблякимов, Нұрсұлтан Құрманғали, Исламбек Құлекенов, Абылайхан Әлкеев, Ринат Хайруллин, Илья Беруашвили, Ерсын Хұсайынов, Арлан Тұрашбай, Әлихан Конкин, Валерий Щербаков, Әділ Жақыпбаев, Руслан Дошаклаев пен Игорь Попадинец өнер көрсетті. Олардың арасынан қарсыластар қақпасын И.Бурушвили 4 рет, И. Құлекенов, П. Халезов пен А. Әлкеев екі-екі реттен, ал И. Попадинец, И. Аблякимов, Ә. Жақыпбаевтар бір-бір реттен дәл көздеп, өз командасының қоржынына түскен ұпайға қомақты үлес қосты.