Астаналық жас хоккейші әлем чемпионатының «Үздік ойыншысы» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат- Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында астаналық Данияр Самат «Үздік ойыншы» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Астаналық жас хоккейші әлем чемпионатының «Үздік ойыншысы» атанды

«Астанадағы № 10 балалар мен жасөпірімдерге арналған спорт мектебінің» тәрбиеленушісі Данияр Самат шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында «Үздік ойыншы» атанды», -делінген аталған мекеменің Фейсбук-тегі парақшасында.

Айта кетсек, хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар араындағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды. Олар әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі екінші кездесуінде Дания құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Сол сияқты аталған жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп, онда Финляндия құрамасы чемпион атанғанын хабарлаған болатынбыз.