Астаналық «Жастар» сарайы өзінің 42-ші шығармашылық маусымын ашты

Шығармашылық маусымның ашылуын жасаған «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников: «Біздің сарай мейірбан достар мен жақсы адамдар үшін әрдайым ашық. Біз мұнда балалармен түрлі бағыттағы билерді билеумен қуана-қуана айналысамыз, ән айтуға, суреттер салуға үйренеміз, театр өнерінің бастамасын ұғынамыз және де достарымыз үшін тамаша мерекелер өткізуге тырысамыз. Өткен шығармашылық маусым өте әсерлі, жан-жақты болды. Біздің балалар түрлі республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан. Мен алдағы маусымның әсерлілігі, жан-жақтылығы аз-кем болмайтындығына сенімдімін. Біз бұдан да көбірек боламыз. Біз жаңа достарды күтеміз. Бізге келіңіздер. Жаңа іс-шаралар жайында сіздер біздің zhastarastana.kz сайтымыздан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан біле аласыздар. Біз сіздерге өзіміздің шығармашылығымызды қуана-қуана сыйға тартатын боламыз. Сонымен, жаңа шығармашылық маусымды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Сәт сапар!».
Көптеген жылдардан бері «Жастар» Сарайы өзінің шығармашылық ұжымдарымен және студияларымен мерейі үстем болып келеді. «Ровесник» эстрадалық биінің халық ансамблі биылғы жылы өзінің 73 жылдығын атап өтуде. 73 жылдық қызметінде ұжым бір ғана тәрбиеленушілер легін жіберіп қана қойған жоқ, бірнеше рет қалалық, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары атанды. Дегенмен, «Ровесниктің» қазіргі таңдағы буыны да алдындағысынан кем түспейді. Тек өткен жылдың өзінде бишілер «Экзерсис» және «Арман жетегінде» халықаралық байқауларының төрт бас марапатын қанжығасына байлап келді.
Сондай-ақ Сарайда тағы да төрт кәсіби хореграфиялық ұжым жұмыс істеуде: «Воскресенье» би-спорт клубы, «Ast City Ballet» contemporary ballet мектебі, «Радуга» заманауи және эстрадалық би студиясы және «Время» би театры. Бишілер - республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.
Сарай қабырғасында өзінің үшінші маусымын «М-арт» театр студиясы да ашуда. Жұмыс істеген қысқа ғана мерзім ішінде театрдың жас актерлері жұртшылыққа өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар дарындылар Мәскеуде өткен «АРТ-Лицей» бүкіл ресейлік фестивалінің бас жүлдесінің иегерлері атанды. Дарындылар Сарай мен қаламыздың спектакль қойылымдарына, шоу бағдарламаларға және шығармашылық іс-шараларға жиі қатысып отырады.