Астаналық жастарға арналған несие бағдарламасы іске қосылды
«Бізде жастарға арналған несие бағдарламасы бар. 35 жасқа дейінгі азаматтар 5 жылға дейін 2,5 пайызбен 5 млн теңге несие ала алады», - деді Олжас Омар қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, спикер ақылы қоғамдық жұмыстары туралы айтты.
Жұмыссыздарда, студенттерде және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына оқудан бос уақытында ақылы қоғамдық жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Жастар 35 АЕК мөлшерінде тұрақты жалақы алып, бір жыл бойы жұмыс істей алады. Бағдарламаның арқасында 2000-нан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген азаматтар enbek.kz электрондық еңбек биржасына тіркеле алады, egov.kz порталында немесе Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайына тікелей келіп білуге болады», - дейді ол.