Астаналық Жол полициясының бастығы екі сағат бойы азаматтармен тілдеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қыркүйек күні сағат 10.00-12.00 аралығында Астана қаласының ІІД жергілікті полиция кызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевтың қатысуымен интернет-конференция өтеді.

Астаналық Жол полициясының бастығы екі сағат бойы азаматтармен тілдеседі

Конференция барысында қала тұрғындары ауданаралық және мектеп инспекторларының жұмыстары, жол-патрульдік қызметі, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі және Астана қалалық ІІД жергілікті полициясы қызметінің басқа да бағыттарына қатысты сұрақтарын сайтқа жолдай алады.

Интернет-конференция кезінде сұрақ қою үшін порталда тіркелу қажет. Конференцияға тікелей сілтеме - https://mvd.gov.kz/portal/page/portal/ast/MAIN/Mmedia/Conf.

Сонымен қатар, сұрақтарды pressa-udp@mail.ru немесе mpsastana@mail.ru электронды пошталарына алдын ала жолдауға, сондай-ақ 71-60-63 телефон нөміріне қоңырау шалып, қалдыруға болады.

Бұдан басқа, интернет-конференция барысында сұрақтарды 71-61-82, 71-63-15 телефондары бойынша қоюға болады.