Астаналық «Жолбарыстар» сырт алаңда «Алматы» баскетболшылармен болған қарымта кездесуде есе қайтарды
АЛМАТЫ. 3 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командары арасында ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында жергілікті «Алматы» мен Астана «Жолбарыстарының» қарымта кездесуі өтті.
Бейсенбі күні болған алғашқы ойында Оксана Антипова жаттықтыратын алаң қожайындары 86:71 есебімен басым түскен болатын. Алайда астаналықтар қарымта ойында есепті (67:87) өз пайдасына шешіп кетті. Бұған дейін турнир кестесінде ұпай айырмашылығы бойынша алматылықтар екінші, астаналықтар үшінші сатыда тұрған еді.