Астаналық жүргізушілер мектеп және балабақша маңында жылдамдықты 40 км/с-ға дейін азайтуға міндеттеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылы қарсаңында елорда жүргізушілері мектеп және балабақша маңында жылдамдықты 40 км/с-ға дейін азайтуға міндеттелді. Арнайы осы үшін білім беру нысандарының қасына «Жылдамдықты шектеу» және «Балалар» ескерту белгілері орнатылды.

Астаналық жүргізушілер мектеп және балабақша маңында  жылдамдықты 40 км/с-ға дейін азайтуға міндеттеледі

 Жергілікті полиция қызметінің мәліметтері бойынша, екі күнде мектеп пен балабақшалар маңындағы жылдамдық режиміне қатысты 500-ден астам ереже бұзушылық тіркелген.

«Жолда жүру ережелеріне сәйкес, 3.24 «Жылдамдықты шектеу» белгісі бойынша жылдамдықты 40 км/с дейін азайту керек. Сонымен бірге,  балалар мекемесінің маңында жылдамдықты азайту үшін жасанды жол кедергілері төселеді», - деді Астана ІІД жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.