Астаналық журналистер арасында жарыс өтті

АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- - Кеше журналистер күніне орай Астанадағы «Жеті қазына» орталығында бильярд спортынан турнир өтті. «Астана спорт» журналының жүлдесі үшін ұйымдастырылған жарысқа республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының 50-ден астам өкілі қатысты,

Астаналық журналистер арасында жарыс өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сайысқа Намазалы Омашев, Аяған Сандыбай, Шархан Қазығұлов, Қайрат Мұсақұл, Талғат Ешенұлы сынды танымал журналистер қатысып, өздерінің қаламмен қатар бильярд кийін де мығым ұстайтын тәжірибелі ойыншы екенін дәлелдеді. Олимпиада жүйесі бойынша өткен үш партиялық бильярд жарысында журналистикада саласында әжептәуір бедел жинаған жастар жағы бірінші айналымда-ақ  ығысуға мәжбүр болды. Есесіне, аға буын өкілдері алға шығып, ақтық бәсекеде өзара күш сынасты. Бір қызығы, ширек финалда-ақ шаршағандық сыңай танытқан Әлімжан Сабыржанұлы ақтық сынға шығады деп ешкім ойламаған еді. Бірақ, күтпеген жерден ол финалда да алдына жан салмай, турнирдің бас жүлдесі мен үлкен кубогын жеңіп алды.