Астаналықтар 2012 жылы 27,5 мыңға көбейді
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астана қаласы халқының саны 27 505 адамға артты, -деп хабарлайды елорданың ресми сайты қалалық статистика департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен, 2012 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша астаналықтардың жалпы саны 770423 адамды құрады.
Халықтың басым бөлігі Алматы ауданында тұрады - 365 594 адам (47,5%), Сарыарқа ауданында - 304 141 адам (39,5%), ең азы Есіл ауданында - 100 688 адам (13,0%) тіркелген.