Астаналықтар АИТВ тестін тапсырып, 20 минуттың ішінде нәтижесін біле алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 9 қыркүйекте сағат 09.00-де № 10 қалалық емхана базасында қала тұрғындары үшін АИТВ-ның (Адамның иммунитет тапшылығы вирусы) алдын алу бойынша акция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары қатерлі дерттен сақтану жолдары туралы толыққанды ақпарат беру мақсатында барлық қалалық емханаларда жергілікті тұрғындарға арналған акция ұйымдастырады. Кез келген адам АИТВ тестін тапсырып, 20 минуттың ішінде нәтижесін біле алады.