Астаналықтар аялдамадағы электронды таблоның ақпаратын телефонға орната алады

Астананың тұрақты дамуы орталығының өкілі Виталий Пустовойтенконың берген мәліметтеріне қарағанда, аталмыш жобаның аясында тұрғындар қаладағы аялдамаларда орнатылған барлық электронды таблодағы ақпаратты өз телефондарынан көре алады.
«Қанатқақты жобаны біз қаңтар айында бірнеше аялдамада іске асырмақпыз. Телефонның көмегімен тұрғындар кодты сканерлеп, дәл сол мезетте қаладағы барлық электронды таблода көрсетілген ақпаратты біле алады. Нақтырақ айтқанда, QR код қалада орнатылған барлық электронды таблодағы ақпаратты көшіреді. Бұл электронды табло орнатылмаған аялдамаларда қоғамдық көлікті күтушілер үшін өте ыңғайлы құрал болмақ. Тиісінше, адамдар аялдамаға жетпей-ақ, ақпаратты бақылай алады», - дейді Виталий Пустовойтенко.
Тұрғындар тарапынан аталмыш жоба қолдауын тауып, сұранысқа ие болып жатса, қажетті орындардағы барлық аялдамаларға QR-кодтар орнатылады.