Астаналықтар бір аптада Жол қозғалысы ережесін 5 мың рет бұзды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - «Демалыс» жедел алдын алу шарасы өткен 1 аптаның ішінде жол қозғалысы ережесінің шамамен 5 мыңға жуық рет бұзылғандығы анықталды,

Астаналықтар бір аптада Жол қозғалысы ережесін 5 мың рет бұзды

деп хабарлады Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, осы аралықта 179 жүргізуші қиылыстан өту ережесін  өрескел бұзса, 133-і жаяу жүргінші жолағы бойында жол қозғалысы ержесінде ағаттықтарға бой алдырған. Сондай-ақ 17 жүргізуші балаларды тасымалдау ережесіне немқұрайлы қараған. Тағы 72 жүргізуші қоғамдық көліктер аялдамасына кедергі келтірген.

Естеріңізге сала кетейік, 5-11 қараша аралығында елордада «Демалыс» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілді.