Астаналықтар демалысқа шығар алдында жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарын жаппай төлеуде

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Астаналықтар демалысқа шығар алдында жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарын жаппай төлеуде.
None
None

Бұл туралы бүгін рейдтік шаралар барысында Астана қаласы ЖПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы Тахир Абдурахманов мәлім етті.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық немесе айыппұлдан қарыздары бар азамат Қазақстан Республикасының аумағынан шыға алмайды. Сондықтан қазір шекарада мәселе туындамас үшін шетелге демалуға кетіп бара жатқан азаматтар жаппай айыппұлдарын төлеуде», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бүгінде ЖЖЕ бұзу бойынша айыппұлдарды өндіру көрсеткіші 63 пайызға жеткен.

Соңғы жаңалықтар