Астаналықтар қалалық қызметтердің рейтингін анықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімдігінде қала басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Әкім астаналықтарды бейжай қалдырмайтын ең маңызды және өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының, соның ішінде көші-қон және жол полициясының жұмысына көп ескерту жасалады. «Қаладағы жарнама кеңістігі, даңғылдардың және алаңдардың жарықтандырылуы да тиісті деңгейге сай емес. Тиісті қызметтер қаланың эстетикалық келбетімен әлі де жұмыс істеуі керек», - деді қала басшысы.

Ә. Жақсыбеков жергілікті климат жағдайларына бейімделмеген автобус аялдамаларын сынға алды. Оның үстіне, олардың басым бөлігі эстетикалық және архитектуралық нормаларға сай емес.

Бұдан басқа, елорда әкімі өзге де бірқатар мәселелерді қозғап, тиісті қалалық қызметтердің тұрғындардың өтініш-тілектеріне ресми қарайтындарын, жай ғана хат алмасумен айналысатындарын атап өтті. Осыған байланысты Ә. Жақсыбеков барлық қалалық қызметтердің жұмыстарының тиімділігінің рейтингін енгізуді тапсырды, азаматтардың өтніштерінің саны бағалаудың басты критерийі болмақ.

Айта кетейік, Коммуналдық шаруашылық басқармасы мен ведомствоға қарасты қызметтердің қала көшелерін жинау бойынша жұмыстары тұрғындардың оң пікіріне ие болды. Бір тәуліктің ішінде 32 мыңнан астам қар полигонға шығарылды. Салыстырып көрейік, Алматыда тәулік ішінде 7 мың текше қар шығарылды, бұл Астанамен салыстырғанда 5 есеге аз.

Соңғы жаңалықтар