Астаналықтар қар тазаланбаса әлеуметтік желі арқылы шағымдана алады

АСТАНА. ҚАзАқпарат - 2018-2019 жыл қысқы маусым басталғалы бері қаланы қардан, мұздан, мұзды сең мен сүңгілерден тазалау бойынша iKomek орталығына 4 638 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астаналықтар қар тазаланбаса әлеуметтік желі арқылы шағымдана алады

Сервисті әлдеқайда сапалы ұсыну үшін орталық қызметкерлері тұрғындарды қырағы болып, белгілі бір жайт орын алған жағдайда, суретке/видеоға түсіріп, iKomek орталығына мынадай жолдармен жіберуге шақырады: Telegram чат-боты; Әкімдіктің astana.gov.kz сайты; Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегін белгілеу: Facebook; Instagram; Telegram-арна.