Астаналықтар осы аптада қандай мәдени және спорттық шараларды тамашалай алады

Айта кетсек, осыған дейін жазғанымыздай, қыркүйектің соңына дейін Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясының «Астана - арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, «Қасиетті жерлерге саяхат» Павлодар қаласының суретшілер көрмесі, «Ата заң - ел тірегі, Астана - ел жүрегі» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай көрме, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналған тақырыптық көрме өтетін болады.
17-27 қыркүйекте «Target shooting club» спорт кешенінде стенд атудан «The International Youth Cup» және «Grand Prix of Astana» халықаралық турнирі өткізіледі.
Сонымен қатар, 17-27 қыркүйек аралығында «Жастар» сарайында «Мир вкусного меда» көрмесі ұйымдастырылады.
17 қыркүйек сағат 10:00-де «Алатау» спорт сарайында гандболдан әйелдер командалар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты (Супер лиганың 1 туры) басталады.
17-18 қыркүйек аралығында Назарбаев Университетінің спорт кешенінде «Жұлдызай» ІІ Республикалық спартакиадасы ұйымдастырылады.
18 қыркүйек күні сағат кешкі 19:30-да 2018-2019 маусымының ҚХЛ чемпионаты «Барыс» ХК - «Авангард» ХК командалары кездеседі.
19 қыркүйек 10:00-де «Дәулет» спорт кешенінде жекпе-жек сайысынан Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының кубогына халықаралық турнирі басталады.
21 қыркүйек сағат 10:00-де Қарттар үйінде мүгедектер күніне арналған «Тіке-тірес» фестивалі (Дойбыдан жарыс) өткізіледі.
Дәл сол күні сағат 14:00-де «Астана Арена» стадионында екінші Лига жастар клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігінде «Астана М» - «Жетісу М» командалары кездеседі.
22 қыркүйек 9:00-де Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қайырымдылық велошеру өткізіледі.
22-23 қыркүйек күндері Мичурино ауданында туристік көпсайыстан Астана қаласы Кубогының ІІІ кезеңі және «Алтын күз - 2018» атты ашық қалалық туристік слет ұйымдастырылады.
22 қыркүйекте сағат 10:00-де «Жастар» сарайында тегін заң кеңестері, «Құқықтық сауаттылық» республикалық акциясы, ал Қарттар үйінде мүгедектер күніне арналған «Тіке-тірес» фестивалі (шахматтан жарыс) өткізіледі.
23 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қарттар үйінде тоғызқұмалақтан жарыс өткізілсе, Қазмедиа Холлда кешкі сағат 20:00-де «Пикник» тобының «Левитация» атты концерті басталады.