Астаналықтар өз құрамын африкалық және румыниялық қорғаушылармен күшейтпек
АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада енді Орталық-Африка Республикасы құрамасының ойыншысы өнер көрсететін болды. Бүгін команда басшылығы қорғаушылар африкалық Фокси Кетевоама мен румыниялық Эмиль Дикэмен еңбек келісім-шартын жасасты.
1986 жылы 30 мамырда өмірге келген Ф. Кетовоама «Астанаға» Кореяның Бірінші дивизионындағы «Ульсан Хёндэ» командасынан ауысып келді. Онда «Капощвар» командасынан 2009 жылдың күзінде ауысып келген ол өткен жылы 53 матч өткізіп, 14 рет мергендік танытқан еді. «Ульсан Хёндэ» 2011 жылы Азия футбол конфедерациясы Чемпиондар лигасында 2-орын алып, Азия суперкубогында бірінші, ал 2010 жылы Азия футбол конфедерациясы кубогында бірінші орын алған болатын.
29 жастағы Эмиль Космин Дикэ болса бұған дейін негізінен Румыния чемпионатында ғана өнер көрсетіп келген еді. Кәсіби мансабын 21 жасында Питешты қаласының «Арджеша» командасынан бастаған ол одан кейін «Рапиде» мен «ЧФР Клуж» командаларында өнер көрсетті. Онда ел чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдесін иеленіп, 3 мәрте кубокты, 2 рет суперкубокты жеңіп алды. Сондай-ақ УЕФА кубогында, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында 22 матч өткізді. 2011 жылдың жазында Грекияның «Шкода Ксанти» командасына ауысқан ол енді өз несібесін Қазақстан Премьер-лигасындағы «Астана» командасында бақ сынап көрмек.